Астанада мопед тізгіндеген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

0
278

Оқиға орнынан түсірілген видео тарады.


Астанада мопед тізгіндеген 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада Мәңгілік Ел даңғылында көлік мопедисті қағып кетті. Артынша мопедті 2011 жылы туған бала айдағаны белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға орнынан түсірілген видео тарады. Кадрдан мопедтің қираған бөліктерінің шашылып жатқанын және бір топ дәрігердің баланы жедел жәрдем зембіліне салып жатқанын көруге болады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қараша күні Мәңгілік Ел даңғылы мен Алматы көшесінің қиылысында кәмелетке толмаған мопед жүргізуші жол апатына ұшырады.

"Оқиға орнына барған полиция жасағы жасөспірім Мәңгілік Ел даңғылымен Керей-Жәнібек хандар көшесіне қарай жүріп келе жатып, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп, жүргізушісі қарсы бағытта маневр жасап жатқан Hyundai көлігімен соқтығысқан. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.

Астананың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем дәрігерлері №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасына 2011 жылы туған ұл баланы жеткізді.

"Жәбірленушінің сол жақ жамбас сүйегі сынған. Оны ауруханада арнайы мамандарға қарап, травматология бөліміне жатқызылды", - деп хабарлады басқарма.