Астанада өз-өзіне қол салушылар тобында тұрған 167 жасөспірім анықталды

0
1 229

Өз-өзіне қол салушылар тобына қатысқан 167 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды


Астанада өз-өзіне қол салушылар тобында тұрған 167 жасөспірім анықталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілердегі өз-өзіне қол салушылар тобына қатысқан 167 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Қазір олармен психологтар жұмыс істеп жатыр, деп жазады Елорда Инфо.

«Жасөспірімдердің суицидтік топтарға қатысуын анықтау үшін 231 ата-аналар жиналысы мен жасөспірімдермен 604 лекция мен әңгімелесу жүргізілді. Шамамен 12,5 мың жасөспірімнің өз-өзіне қол салушылардың тобына қатысы бар-жоғы тексеріліп, нәтижесінде 167 жасөспірімді анықтадық. Қазіргі уақытта олармен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деді қалалық әкімдікте өткен брифингте Жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Тахир Абдурахманов.

Бұған қоса, ол жыл басынан бері бала тәрбиесіндегі өз міндетін орындамаған 259 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 290 кәмелетке толмаған бала тіркеуге алынды.