18 жастағы оқушының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
ERNUR.KZ. Пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен НЗМ оқушысы есін жиды. Бұл туралы Астананың денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады tengrinews.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, 18 жастағы оқушының жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
"Науқас жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Оның жағдайы тұрақты, есін біледі", - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Еске салайық, осыған дейін Астанада 18 жастағы қызға қастандық жасалғаны белгілі болды. Әлеуметтік желіде пайда болған ақпаратты қалалық ПД растады.