​Астанада шетелдік елші әмиянын ұрлатқан

0
1 207

Зардап шегуші шет елдің елшісі болып шыққан, оның қалтасынан әмиян ұрлап кеткен.


​Астанада шетелдік елші әмиянын ұрлатқан

ERNUR.KZ. Астанада ойын-сауық орталықтарының бірінде шетелдік елшінің әмияны ұрланған, деп жазады Tengrinews.kz ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасап.

Қалалық ІІД-нің криминалдық полициясы Алматы облысының бұрындары істі болған тұрғынын ұстады деп хабарлады. Ұрлық 17 тамызда "Керуен" ойын-сауық оталығында болған. Зардап шегуші шет елдің елшісі болып шыққан, оның қалтасынан әмиян ұрлап кеткен.

Сонымен қатар, Қостанай облысы Рудный қаласында бұрын істі болған жергілікті тұрғын ұсталды. Оның үйінен "РПГ-22" гранатасы табылып, тәркіленді.

Қостанайда валюта айырбастау орнында 392 мың доллар ұрлап кеткен ер адам да ұсталды. Пәтерді тінту нәтижесінде, "АК-103" автоматы мен оқтар тәркіленді.