Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

0
943

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан.


Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды

ERNUR.KZ. Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, деп жазады tengrinews.kz.

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.


"3 ақпанда сағат 3.26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен", - деді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.