Астанада тұрғын терезеден құлап қаза болды

0
475

Балконынан құлап кеткен қызға қатысты тергеу басталған.


Астанада тұрғын терезеден құлап қаза болды

ERNUR.KZ. Астанада қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан құлап, мерт болды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға туралы ақпарат Telegram-арналардың бірінде пайда болды.




Қалалық Полиция департаменті оқиғаны растады. Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға Тұран даңғылында болған.

"Елордалық полицейлер Тұран даңғылындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлап кеткен қызға қатысты тергеуді бастады. Кешенді тергеу-жедел шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді ПД баспасөз қызметі тілшіге.