Астанада тұрғын үй кешені үстіне мұнара краны құлады

0
466

Аварияның алдын-ала себебі шамадан тыс жүктеме.


Астанада тұрғын үй кешені үстіне мұнара краны құлады

ERNUR.KZ. 19 сәуірде Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде құрылыс краны құлады, деп жазады tengrinews.kz.

"19 сәуірде сағат 09:25 шамасында Астана қаласы, Комсомольский т.м., Ақын Сара көшесі 53 учаскесі мекенжайында орналасқан Inshaat Invest ЖШС-нің "Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені" құрылыс учаскесінде жүкті көтеру кезінде QTZ-63 мұнара кранының секциясы бұзылды (кранының иесі ИП Капитал)", - делінген хабарламада.


Зардап шеккендер жоқ. Аварияның алдын-ала себебі шамадан тыс жүктеме.

"Қазіргі уақытта оқиға орнын Қазадақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Департаментпен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен аварияны тергеу жөніндегі комиссия құрады", - делінген хабарламада.

Тергеу нәтижелері қосымша хабарланады.