Астанада ұлымды ұрды деп ауладағы балаларға ызаланған ер адам оларды көлікпен қақпақ болған

0
600

Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.


Астанада ұлымды ұрды деп ауладағы балаларға ызаланған ер адам оларды көлікпен қақпақ болған

ERNUR.KZ. Желіде Астанада тұрғын үй аулаларының бірінде ер адамның ұлымды ұрдыңдар деп екі баланы балағаттап жатқан видеосы тарады. Ұлдардың ата-анасының айтуынша агресиивті азамат тіпті бұдан соң балаларды аңдып, көлікпен түймекші болған, деп жазады stan.kz.

Сонымен қатар, видеода ер адам ұлының велосипедін сындырдыңдар деп ашуланады. Ызаға булыққан азамат балаларға әке-шешелеріңе айтып, велосипедті қалпына келтіріңдер деп айғайлайды.

"Ата-аналар видеодағы ер адам екі баланың ізіне түсіп, оларды көлікпен басып өтпек болғанын айтады. Полиция қызметкерлері әдеттегідей әрекетсіз болып, арыз бойынша шара қолданбайтыны хабарланды", - делінген EGOV.PRESS Telegram арнасындағы видеоның сипаттамасында.

Бұл жазбаға Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді. Түсініктемеде Нұра аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі бұл оқиғаға қатысушыны анықтағаны айтылады. Ол 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

"Қоғамдық орында кәмелетке толмаған баланы қорлағаны үшін ӘҚБтК-нің "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды", - деп түсіндірді полиция департаменті.