Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді

0
914

Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді. Ту түстес қолөнер туындысын 250 шебер жасап шыққан.


Астанада ұзындығы 500 метрлік құрақ көрпе тігілді

ERNUR.KZ. Бұл ерекше көрпе Гиннес рекордтар кітабына енді. «Аламан құрақ» жобасы мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады zakon.kz.

Онда қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мода фэшн ұлттық киімдер дефилесі де өтті.

Мақсат – қазақ қолөнерінің тарихын насихаттап, ұлттық құндылықтарды келешек ұрпаққа жеткізу.

"Біздің осы жобаны ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақтың құрағын әлемге паш ету, әлемге «қазақтың құрағы керек» деген ұғымды енгізу және халқымыздың ауызбіршілігін көрсету. Өйткені 200-ден астам қатысушы көрпені бір түсте, бір техникада тігіп келді. "Нұргүл Абайханқызы, қолөнер шебері