Астанада жасөспірім қатарластарының көз алдында аяусыз соққыға жығылды

0
118

Оқиғаға қатысты бейнежазба Instagram желісіндегі astanagramlive парақшасында жарияланды.


Астанада жасөспірім қатарластарының көз алдында аяусыз соққыға жығылды

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Астанада кәмелетке толмағандар қатысқан қатыгез оқиғаға байланысты тергеу жүргізілуде. Оқиға 10-11 маусым күндері қаланың ескі бөлігінде болған. Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, бір топ жасөспірім бірнеше балаға шабуыл жасаған, деп жазады zakon.kz.

Оқиғаға қатысты бейнежазба Instagram желісіндегі astanagramlive парақшасында жарияланды. Мәліметке сәйкес, ата-аналардың қолында жасөспірімдердің бірін соққыға жығу сәті түсірілген видео бар. Сондай-ақ жанжал салдарынан басқа да кәмелетке толмағандардың зардап шеккені айтылуда.

Ата-аналардың сөзінше, шабуыл кезінде кастет қолданылған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Зардап шеккендердің дене жарақаттары тіркеліп, кейіннен олардың заңды өкілдері құқық қорғау органдарына жүгінген.

Оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Оқиғаға қатысқан барлық жасөспірім анықталды. Олар бір-бірін бұрыннан таниды және Сарыарқа аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Астананың Сарыарқа ауданында бір топ жастың қатысуымен жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат тараған еді.