Астанада жасөспірімдер автобустың артына мініп, қаланы аралаған (видео)

0
134

Жасөспірімдердің бұл әрекеті өмірлеріне қауіп төндірді.


Астанада жасөспірімдер автобустың артына мініп, қаланы аралаған (видео)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада қалалық автобусқа артқы жағына мінген жасөспірімдер видеоға түсіп қалды. Қазір олардың жеке басын анықтап жатыр, деп жазады stan.kz.

Kriminal_kazakhstan Telegram арнасында жасөспірімдердің автобустың артқы бамперінде тұрып, қаланы аралап жүрген сәті жарияланды. Оқиға Астананың оң жақ жағалауындағы орталық бөлігінде болған. Жасөспірімдер №58 бағыттағы автобуспен бірнеше аялдама бойы осылай жүрген.

Жасөспірімдердің бұл әрекеті өмірлеріне қауіп төндірді.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жасөспірімдердің жеке басын анықтап жатыр.

“Анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады”, – деп мәлімдеді полиция.