Зардап шеккендер бар.
фото: кадрдан скрин.
Астанада жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ ТЖМ-не сілтеме жасап.
"Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел келген кезде шатыр мен 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хбарламада.
Өртті сөндіру жұмыстарын ғимараттың жан жағындағы жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатқан. 850 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілген. Өрттің себебі анықталып жатыр.