Астанада жеңіл көлік өртеніп кетті, тағы біреуі зақымданған

0
173


Астанада жеңіл көлік өртеніп кетті, тағы біреуі зақымданған

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанада көлік өртенді. Өрттен жақын жерде тұрған көлік те зақымдалған, деп жазады Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.


Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті Есіл ауданындағы үйлердің бірінің ауласында Hyundai көлігі өртенгенін хабарлады.

"Сағат 05:49-да Есіл ауданында аулада автокөлік жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Дереу шақырту орнына жеке құрамның бес адамы және техника шықты. Өрт 06:08-де жойылды. Автокөліктің багаж бөлімі мен салоны жанып кетті. Сондай-ақ, жалын әсерінен жақын жерде тұрған көлік зардап шекті", - деп хабарлады ТЖД.