Оған бейтаныс жүргізуші көмектескен.
сурет: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Астана қаласында такси жүршізушісін жолаушы қылқындырып, өміріне қауіп төндірген, деп жазады stankznews.
Оқиға 29 маусымда жол қозғалысы кезінде болған.
Жолаушы мен жүргізушінің арасындағы әңгіме көліктегі бейне тіркегішке жазылып қалған. Кадрлардан: “Артық қиымыл жасама” деген сөзді естуге болады. Сосын ер адам жүргізушіні қауіпсіздік белдігімен қылқындырмақ болған. Ал жүргізуші бір қолымен ер адамды тоқтатуға тырысып, екінші қолымен көлікті басқарған.
Ол басқалардың назарын бұру үшін қарсы жолаққа шығып, Chevrolet Cobalt көлігінің алдын кесіп өткен. Жол жиегіне тоқтап, көліктен жүгіріп шығып, Cobalt жүргізушісінен көмек сұраған. Оған бейтаныс жүргізуші көмектескен.
Полиция шабуыл жасаған адамның жеке басын анықтап, қазір іздестіріп жатыр екен.