Астанадағы AMANAT партиясының маңдайшасы ӘDILET деп өзгертілді

0
83

"Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында тіркелген болатын


Астанадағы AMANAT партиясының маңдайшасы ӘDILET деп өзгертілді

фото: Sputnik/Арман Асқар

ERNUR.KZ. Астанадағы партияның орталық аппараты орналасқан ғимарат маңдайшасындағы AMANAT жазуы ӘDILET атауына ауыстырылды.
Айта кетері, биліктің Amanat партиясы жаңа құрылған "Әділет" саяси партиясының құрамына енді. 14 маусымда өткен "Әділет" партиясының II съезінде делегаттар бұл шешімді бірауыздан мақұлдап, дауыс берді.

"Әділет" партиясы 2026 жылдың 1 маусымында тіркелді.

Еске салсақ, 12 маусымда Amanat партиясының съезінде қатысушылар "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдаған болатын.

Қазақстанда Құрылтай сайлауы биыл тамызда өтеді деп жоспарланып отыр.