Астанадағы автобуста ата мен әже жас қызбен төбелескен

0
132

Ерлі-зайыпты қариялар автобус жүргізушісінен тоқтауға болмайтын жерден автобусты тоқтатуды сұраған.


Астанадағы автобуста ата мен әже жас қызбен төбелескен

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Астанадағы автобуста қариялар мен жас қыз жаға жыртысып қалды, деп жазады ulysmedia.kz.

Оқиға Астанадағы автобустардың бірінде болған. Видео авторының сөзінше, ерлі-зайыпты қариялар автобус жүргізушісінен тоқтауға болмайтын жерден автобусты тоқтатуды сұраған. Бірақ жүргізуші тоқтамаған.

Осы сәтте автобуста отырған жас қыз жүргізушіге болысып, тоқтауға болмайтынын айтқан. Ашуға булыққан қариялар қыз баланың жағасынан тартып, төбелеспек болған.

Абырой болғанда, оларды қалған жолаушылар ажыратқан.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Бұл жағдай бойынша 102 арнасына қоңырау түспеген.

- Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Тұлғалар анықталғаннан кейін олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтарға жедел әрекет ету мақсатында тұрғындарға осындай жағдайлар туралы полицияға дереу хабарлауға кеңес беріледі, дейді полиция департаментінің өкілдері.