Астанадағы LED-экранда Украина туы көрсетілген: ІІМ қылмыстық іс қозғады

0
253


Астанадағы LED-экранда Украина туы көрсетілген: ІІМ қылмыстық іс қозғады

фото: желіден алынған

ERNUR.KZ. Кеше әлеуметтік желіні дүрліктірген суреттің ізімен Қазақстанның ішкі істер министрлігі бүгін іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

- Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылғаны түсірілген видео тараған. Сол оқиға алдында ғана Астанаға Ресей президенті Владимир Путин ұшып келген еді.