Полиция департаменті ер адам психикалық ауруы бар адамдар есебінде тұрады.
ERNUR.KZ. Астанадағы оң жағалауындағы мешіттердің бірінде шапан киген ер адам өзін-өзі қанжоса етіп, пышақтап тастады. Оның видеосы қазір әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Видеодан көріп отырғанымыздай, ер адамның беті қанжоса. Үстінде қара шапаны бар. Оны оншақты полиция қызметкері қоршап, пышағын тартып алуға әрекет жасап жатыр. Полицияның біреуі қолына орындық ұстап алған.
Астана қаласы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, азаматтың жасы 36-да. Алдын ала болжам бойынша ер адам психикалық диспансерде есепте тұрады.
«102 каналына белгісіз ер адам қолына пышақ алып, адамдарға қауіп төндіргені туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция дереу жетті. 36 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне түсті. Оның пышағы тәркіленді. Тексеру кезінде анықталғандай, азамат 2006 жылдан бері психологиялық диспансерде есепте тұрады», - деп хабарлады полиция департаменті.