Астанадағы Ramada қонақүйі медуниверситет жатақханасына айналуы мүмкін

0
137

2025 жылғы 24 маусымда, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы медуниверситеттерде ақылы оқуды қысқарту жоспары барын мәлімдеген еді.


Астанадағы Ramada қонақүйі медуниверситет жатақханасына айналуы мүмкін

Сурет: booking.com


ERNUR.KZ. 2025 жылғы 24 маусымда өткен Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Астана медициналық университетінің басқарма төрайымы – ректоры Анар Тұрмұхамбетова жатақхана тапшылығын шешу жолдары туралы айтып берді, деп жазады zakon.kz.

Анар Тұрмұхамбетова студенттерге жатақханадан орын жетіспегеніне байланысты сын айтылғанын мойындады.

"Астана медициналық университетіндегі жағдай шын мәнінде аса қолайлы емес еді. Университеттің өзіне тиесілі тек бір жатақханасы бар, ал ондағы бөлмелер екі және үш адамдық. Қазір біз бұл мәселені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шешіп жатырмыз: Абай көшесі, 47 мекенжайындағы (бұрынғы Ramada қонақүйі) ғимаратты 1 000 орындық жатақханаға айналдыру жоспарланып отыр. Бұл — спорт залы секілді қажетті инфрақұрылымы бар заманауи жатақхана болады", - деді ректор.

Айта кетейік, дәл осы күні, 2025 жылғы 24 маусымда, Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Қазақстандағы медуниверситеттерде ақылы оқуды қысқарту жоспары барын мәлімдеген еді.