19 маусым күнгі түтіннен кейін бас айналу және жүрек айну шағымдары бойынша алты ересек адам мен екі бала тіркелген.
ERNUR.KZ. 19 маусымнан бері елордадағы Қорғалжын тас жолы мен Қосшыға қарай баратын айналма жол арасында қураған шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Кеше қаланы қалың түтін басты. Сегіз адамға ыс тиген, оның ішінде екі бала бар, деп жазады zakon.kz.
Басқарманың мәліметінше,19 маусым күнгі түтіннен кейін бас айналу және жүрек айну шағымдары бойынша алты ересек адам мен екі бала тіркелген.
"Көмекке жүгінген науқастарда бас айналу, жүрек айну белгілері болды. Оларға амбулаториялық деңгейде уақтылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір 14 жасар бала ауруханада ем алып жатыр, жағдайы тұрақты".Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Астанадағы өрт екінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті 20 маусым күні өртті сөндіруге Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары ТЖД жеке құрамының 185 адамы және 37 бірлік техникасы, қала әкімдігінің 6 суару машинасы жұмылдырылғанын мәлімдеді.
Төтеншеліктер 19 маусым күні кешкі 21-09-да өрт оқшауланғанын, өрттің жалпы ауданы 80 гектар болғанын, зардап шеккендер жоқ екенін хабарлаған еді.