Астанадан Дубайға бет алған ұшақ Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан соң кері қайтты

0
91


Астанадан Дубайға бет алған ұшақ Таяу Шығыстағы жағдай ушыққан соң кері қайтты

Air Astana

ERNUR.KZ. Астанадан Дубайға ұшқан Air Astana ұшағы діттеген жеріне жетпей, кері қайтты, деп жазады ulysmedia.kz.

KC205 рейсі Астанадан 12 шілдеде таңғы 07:10-да ұшып шыққан. Алайда жолда әуе компаниясы ұшақты әуежайға кері қайтару туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, Air Astana 12 шілдеде сағат 08:50-де ұшуға тиіс Алматы - Дубай бағытындағы KC897 рейсін де тоқтатты.

Жолаушыларға билет құны сатып алынған жері бойынша толық қайтарылатыны хабарланды.

Өңірдегі жағдайдың ушығуы

Әуе компаниясы бұл өзгерістер Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуына байланысты екенін түсіндірді.

Қазір тасымалдаушы жағдайды бақылап отыр және жолаушыларды жеткізуге қатысты мәселелерді шешіп жатыр.

Жолаушылардан рейс мәртебесін алдын ала тексеріп отыру сұралды. Себебі алдағы уақытта ұшу және қону кестесінде тағы да өзгерістер болуы мүмкін.

Контекст

Бұған дейін АҚШ Иран аумағына соққы жасаған еді. Бұған Вашингтонның нұсқасы бойынша, ирандық күштердің контейнер тасымалдайтын кемеге шабуылы себеп болған.

Жауап ретінде Тегеран Ормуз бұғазын қайта жапқанын мәлімдеп, кез келген қарсы әрекетке қатаң жауап беретінін ескертті.