Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті
Фото: Ақорда
Қазақстанға ресми сапармен Черногория президенті Яков Милатович келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақорданың мәліметінше, Черногория президентін қарсы алу рәсімі Тәуелсіздік сарайында өтті.
Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
«Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң екі елдің әнұрандары шырқалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.


