Оқиғаға қатысты құзырлы органдар түсініктеме берді.
Астаналық әйел 8 жастағы қызын ішкиіммен ғана далаға шығарып жіберді. Суреттер Facebook әлеуметтік желісінде тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Желі қолданушысы Ильмира Жұмат дабыл қағып, өз парақшасында жағаұстатарлық жағдай туралы жазба жариялады. Оның сөзіне қарағанда, фотоны көршілер түсірген. Одан кейін журналистерге жіберді.
Желі қолданушысы елордалық келіншектің әрекетін айтып, ананың қатігездігін тілге тиек етті.
"Тағы бір оқиға. Осы жазбадан кейін көп балалы келіншекті ана деп айту қиын болады. Ол өзінің қызын үнемі осылай жазалайды екен. Қазір дала қатты суық екенін білеміз. Кейбір адамдар балаға зар болып жүр. Ал кейбір аналар осындай жауыздық жасайды. Ертең барып оқиғаның мән-жайын анықтайтын боламыз. Суреттердің бірінде қыз дәлізде суық жерде жатыр. Ал қалған суреттерде іш киіммен және жалаң аяқ далада отыр", - дейді Ильмира Жұмат.
Оқиғаға қатысты құзырлы органдар түсініктеме берді.
"23 желтоқан күні кешкі сағат 21.20-да полицияға елорда тұрғыны көршісі алты жасар ұлын ұрып жатқанын, ал сегіз жастағы қызын далаға қуып жібергенін хабарлады. Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Оның айтуынша, балалар ойнаймыз деп, көршінің кірқыстырғыштарын рұқсатсыз алған. Сол үшін жазасын бергісі келген", - дейді құқық қорғаушылар.
Қалалық департаменттің ювеналды полициясы отбасыны есепке алды. Ал полицейлер мен білім басқармасы балалардың заңды тұлғаларына қатысты тиісті шешімді шығару үшін мәселенің мән-жайын анықтауға кірісті.