Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

0
665


Астаналық әйел бірге тұрып жүрген адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

ERNUR.KZОқиға 20 желтоқсанда Қосшы қаласында болған. Полицияға ЖШС басшысы, елорда тұрғыны өтінішпен жүгінген, деп жазады Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған.

Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар деп мәлімдеген. 52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.