Астаналық күзетші зәулім үйдің 20-қабатында ілініп тұрған қызды құтқарды

0
861

Күзетші дереу қабатқа көтеріліп, пәтерге кірген.


Астаналық күзетші зәулім үйдің 20-қабатында ілініп тұрған қызды құтқарды

ERNUR.KZ. Желіде Астанадағы көпқабатты үйдің терезесінде ілініп тұрған адамның видеосы тарады. Көпқабатты тұрғын үй кешенінің 20-шы қабатында 10 жасар қыз бала ілініп тұрған, оны күзет қызметкері құтқарып қалды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқыс оқиғаның видеосы astana_brothers Instagram парақшасында пайда болды. Видеодан көпқабатты үйдің жоғарғы қабатындағы терезеден адам бейнесі салбырап тұрғанын көруге болады. Видеоға түсірген куәгердің сөзінше, 20-шы қабаттың терезесінде кішкентай қыз ілініп тұрған. Желідегі жазбада оқиға бүгін сағат 16:00 шамасында болғаны айтылған.

2023 жылғы 19 қыркүйегінде шамамен сағат 16:00-де RaMad ЖШС ауысым бастығы Төреқұлов Нарул Батырқұлұлының басқару пультіне Highvill Astana тұрғын үй кешені, "С" блогындағы 20-шы қабаттың ернеуінде ілініп тұрған баланы байқағаны туралы хабарлама келіп түсті. Күзетші дереу қабатқа көтеріліп, пәтерге кірген. Содан кейін баланы ернеуден көтеріп, терезеден тартып алған. Осылайша баланың өмірін сақтап қалған. Шамамен 10 жастағы қыз екені анықталды, - деп жазды паблик өкілдері.

Сондай-ақ жазба авторы қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы екенін атап өтті. Оған қоса жазбада күзетшінің өзі түсірген сурет пен қыздың пәтерінде түсірілген кадрлар бар.

Төтенше жағдайлар департаменті бұл іске қатысты ешқандай шағым түспегенін айтты.