Астаналық оқушы қоқыс төгу арқылы табыс табуға болатынын айтты

0
1 635

Адамдар қоқысты бөлек салғысы келмейді, себебі ерінеді. Ал менің құрылғым адамдарды қалдықты қайта өңдеуге құлшындырады.


Астаналық оқушы қоқыс төгу арқылы табыс табуға болатынын айтты

Астаналық 9 сынып оқушысы қоқысты бөлек жинаудың әдісін тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ Елора әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада «Жастар Синергиясы» жастар лагері жұмысын бастады. Мұнда 16 мен 29 жас аралығындағы 150 жас өздерінің идеясы мен жобаларын ұсынды,

Жазғы лагерьдің ең жас қатысушысы – 16 жасар Айболат Құрақбаев. Ол іс-шараға өте тыңғылықты дайындалып келіпті. Форумға оны қаланы қалай таза ұстаса болады деген идея алып келген. Астанада қалдықтарды бөлек жинайтынын есепке алған ол, мотиватор ойлап тапқан, яғни адамдар қоқысты үйінен бөлек-бөлек пакеттермен алып шығады.

«Менің идеям «clean city» деп аталады. Адамдар қоқысты бөлек салғысы келмейді, себебі ерінеді. Ал менің құрылғым адамдарды қалдықты қайта өңдеуге құлшындырады. Ол мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Қоқыс жәшігіне жақын келген кезде өзінің телефоны арқылы арнайы кодпен идентификация жасап, қоқысты төгуіне болады. Егер айтарлықтай мөлшерде қоқыс жинасаңыз, сол үшін балл аласыз. Менің ойластыруымша, әлгі ұпайларды кәдімгі ақшаға айналдырып, ол ақшаны жинап, мысалға смартфон алуға болады», – дейді А. Құрақбаев.