Тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. 14 шілде күні Атырау – Астрахан тасжолында 1996 жылғы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Ipsum көлігі мен 1957 жылғы жүргізуші басқарған Toyota Highlander көлігі соқтығысқан. , деп жазады 24.kz.
Салдарынан жолаушы көз жұмды, ол жанып жатқан көліктен шығып үлгермей, тірідей жанып кетті.
Тағы 5 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.