«Ата-анасын жазалаймыз»: Зайсанда қыз балаға буллинг көрсеткендер мектеп оқушылары болып шықты

0
137

Оқушылар мектепішілік есепке қойылған.


«Ата-анасын жазалаймыз»: Зайсанда қыз балаға буллинг көрсеткендер мектеп оқушылары болып шықты

Фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Зайсанда үш бойжеткен оқушы қызды қатты боқтап, ұрып, тізерлетіп қорлық көрсеткен. ШҚО полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушы жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылды, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді. Полицейлер кәмелетке толмағандардың ата-аналарын балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», - деп хабарлайды ШҚО полиция департаменті.