Балалардың анасы Назым Қаһарман олардың кездесуіне қарсы.
ERNUR.KZ. Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман балаларының әкесімен кездесуіне қарсы, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап бере отырып айтқан.
«Сіз болашақта балаларыңыздың ата-әжесімен, әкесімен араласуына рұқсат бересіз бе?» деп сұраған оқырмандары. Назым Қаһарман бұл сұраққа үзілді-кесілді «жоқ» деп жауап берген.
«Жағдайдың бәрін ескере отырып «ЖОҚ» деймін. Балаларымның жүрегі мен санасын зорлық-зомбылықты ақтау туралы ойлармен мазалағым келмейді», - деп жазды Назым Қаһарман.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев пен оның бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның арасында ортақ үш бала бар.