«Атамекен» ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов 2 айға қамауға алынды

0
563

Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті.


«Атамекен» ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов 2 айға қамауға алынды

ERNUR.KZ. «Атамекен» ҰКП бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов екі айға қамауға алынды, деп жазады Azattyq Rýhy.

«2023 жылғы 12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мырзахметов А.И.-ға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар пара алды деген айыппен ұсталғаны туралы хабарлағанбыз.