Әлем пандемияларға дайын емес – ДДСҰ бас директоры

0
102

Оның пікірінше, шұғыл түрде шаралар қабылдау қажет.


Әлем пандемияларға дайын емес – ДДСҰ бас директоры

фото: Sputnik / Семён Антонов

ERNUR.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус әлемнің пандемияларға жеткілікті деңгейде дайын емес екенін айтып, мемлекет басшыларын нақты іс-қимылдар жөнінде келісімге келуге шақырды, деп жазады sputnik.kz.
ДДСҰ басшысы осы аптада әлем көшбасшылары пандемиялардың алдын алу, оларға дайындық және жауап шаралары мәселелері бойынша өз міндеттемелерін растау үшін Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясына жиналатынын еске салды.
"Саяси декларацияда әлемнің пандемияларға әлі де жеткілікті деңгейде дайын еместігі анық айтылған", - деді ол әлеуметтік желілерде жарияланған бейнеүндеуінде.
Гебрейесустың пікірінше, бұл сын-қатерге жауап беру үшін нақты, нәтижесі анық көрінетін және шұғыл шаралар қажет.
"Бұл жергілікті және ұлттық деңгейлердегі әлеуетті арттыру мен нығайтуды, эпидемиологиялық қадағалауды, зертханаларды, ерте ескерту жүйелерін, сондай-ақ инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау шараларын күшейтуді білдіреді", — деді ол.
Ұйымның бас директорының атап өтуінше, көшбасшылар Пандемия туралы келісімге патогендерге қол жеткізу және алынған пайдаларды бөлу жөніндегі қосымшаны әзірлеу жұмысын аяқтауы қажет.