Шенеуніктер үш жетім баланы тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған

0
127

Бұл мұндай алғашқы жағдай емес.


Шенеуніктер үш жетім баланы тұрғын үй кезегінен заңсыз шығарып тастаған

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Риддер қаласында прокуратураның көмегімен үш жетім баланың жеңілдетілген тәртіппен тұрғын үй алу құқығы қалпына келтірілді. Бұл туралы 2026 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Прокурорлар әлеуметтік осал санатқа жататын азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын арнайы жүргізілген талдау барысында анықтаған.

Белгілі болғандай, кәмелетке толмағандардың тұрғын үй кезегінен шығарылуына олардың қалада уақытша болмауы, сондай-ақ бастапқыда есепке қойылғанын растайтын құжаттардың жоғалуы себеп болған.

Осы жағдайға байланысты прокуратура қадағалау актісін енгізді.

"Үш кәмелетке толмағанның да тұрғын үй кезегіндегі есепке алынуы қалпына келтіріліп, кезекке алғаш қойылған күндері сақталды", – делінген хабарламада.

Бұл мұндай алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Маңғыстау облысында ата-анасынан 20 жылдан астам уақыт бұрын айырылған жетім баланы шенеуніктер тұрғын үй кезегінен шығарып тастаған болатын.