Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар енді азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алады

0
666

1 тамыздағы жағдай бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды.


Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар енді азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алады

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру мақсатындағы шара туралы мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға азық-түлік жиынтығын өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру мақсатында АӘК алушылар қатарындағы балаларға қосымша төлем белгілеу арқылы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау жүзеге асырылады», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетсек, 1 тамыздағы жағдай бойынша 121,1 мың отбасындағы 622,6 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 83,8 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ, АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі 169,5 мың балаға азық-түлік және тұрмыстық химия жиынтығы түрінде әлеуметтік топтама берілді.