Ұшақ қонғаннан кейін шетел азаматы қайтыс болған.
Фото: Көлік министрлігі
ERNUR.KZ. Ұшу кезінде жағдайы нашарлаған жолаушы Атырау халықаралық әуежайына қонғаннан кейін көз жұмды, деп жазады inform.kz.
Ұшу кезінде жолаушылардың бірінің жағдайы күрт нашарлап, экипаж Атырау әуежайына шұғыл қону туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін шетел азаматы қайтыс болған.
- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған бастапқы тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала өлім себебі – жедел жүрек жеткіліксіздігі, – деп хабарлады көліктегі полиция департаменті.


