Атырау облысындағы Қарабатан ауылында өрт салдарынан қаза болған адамдар саны артып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.
фото: tengrinews.kz
Атырау облысындағы Қарабатан ауылында өрт салдарынан қаза болған адамдар саны артып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz ҚР ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта алты адамның мерт болып, төрт адамның зардап шеккені белігілі болып отыр. Төтенше жағдай комитетінің мәліметі бойынша, жатақханада 2 наурызда сағат 08:41-де өрт шыққан. Жатақхана Атыраудан 40 шақырым жерде, Қызылкөге ауданындағы "Газ-турбина электр станциясы" құрылыс аумағында болған. Өрт вахталық қалашықтағы контейнерлерден жасалған жатақханадан шыққан. Өрт кезінде жатақханада түнгі ауысым жұмысшылары болған - шамамен 20 адам. Олардың зардап шеккен төртеуі Атыраудың облыстық ауруханасына жеткізілді. Өрт шарпыған аумақ 500 шаршы метр.