Атырау облысы әкімдігі жол талғамайтын екі көлікті 20 млн теңгеге сатып алмақ

0
596

Конкурс бір күн бұрын өткізілген.


Атырау облысы әкімдігі жол талғамайтын екі көлікті 20 млн теңгеге сатып алмақ

ERNUR.KZ. Мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау облысы әкімдігінің екі автокөлік сатып алатыны туралы хабарландыру жарияланды. Жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрайды, деп жазады nur.kz.

Сайтта жарияланған хабарландыруда сатып алуды ұйымдастырушы Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Ысқақов екені көрсетілген.

Талаптарға сәйкес, бұл автоматты беріліс қорабы және қозғалтқышының көлемі 3000 текше метрден аспайтын екі жол талғамайтын көлік болуы керек. Олардың әрқайсысының құны 9 миллион теңгеден асады, сатып алудың жалпы сомасы 19 696 429 теңгені құрайды.



Конкурс бір күн бұрын өткізілген екен, ал жеңімпаздар туралы ақпарат жоқ.