Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жүргізіп жатыр. Оған жергілікті тұрғындар да қатысады.
ERNUR.KZ. Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылында тұрғындар төртінші күн бойы 24 жастағы жігітті іздеп жатыр, деп жазады zakon.kz.
20 қараша күні таңғы сағат 05.00-де азамат Т үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл туралы жігіттің жақындары облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат берді.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары іздестіру жүргізіп жатыр. Оған жергілікті тұрғындар да қатысады.