Атырау облысында карантин және шектеу шаралары күшейтілді

0
1 410

Атырау облысы - "қызыл" аймақта қалған жалғыз өңір.


Атырау облысында карантин және шектеу шаралары күшейтілді

ERNUR.KZ. Атырау облысында карантин күшейтілді. Өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Айта кетейік, Атырау облысы - "қызыл" аймақта қалған жалғыз өңір.

"Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін", - делінген құжатта.

Қаулыға сәйкес, Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады.

Вахталық әдіспен жұмыс істейтін барлық өнеркәсіп кәсіпорындары мен компаниялар қолданыстағы қаулылардың талаптарына сәйкес шектеу және карантин шараларының қатаң орындалуын қамтамасыз етуі керек.

Атырау облысының тұрғындарына респираторлық инфекцияның алғашқы алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну ұсынылды.

Өңірдің бас санитары Атырау облысының әкімдігі, Атырау қаласының әкімі мен аудан әкімдеріне міндеттеді:

- көпшілік іс шараларды(мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың,барлар, караоке,компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда)қызметін тоқтату;

- мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың және қызметін тоқтата тұру.

Жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

  • азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);
  • күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмысына рұқсат ету;
  • сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00 ден 17.00 ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес),олардың ішіндегі азық-түлік, супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.
  • қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
  • сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра центрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр);
  • фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;
  • моншалар, сауналар,СПА орталықтары, бассейндералдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру;

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.