2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды.
ERNUR.KZ. Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.
Атырау облысы Махамбет ауданында бума шөп өртеніп 3 бала қайтыс болды.
2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы Ортақшыл ауылы Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 дана бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.
Оқиға орнына №11 ӨСБ өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген.
Алайда, 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында кәмелет жасына толмаған 3 баланың белгісіз жағдайда жоғалғаны туралы хабарлама келген.
Іздестіру жұмысына ТЖД 11 қызметкері, 3 техника, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған.
Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды.
Олардың денесі ПД қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.