Атырау облысында сүйіктісіне ұсыныс жасаған 17 жастағы жігіттің басы бәлеге қалды.
ERNUR.KZ. Оған қызға отпен сөз салғаны үшін шара қолданылды, деп жазады Экспресс К.
Жастар арасында кеңінен тойланатын "Әулие Валентин" күнінде Атырау облысы Мақат ауданының 17 жастағы тұрғыны қызына ұсыныс жасайды. Ол сүйіктісі мен достарын көлік тұрағына жинап, ұсыныс жасап, қыз келісімін берген кезде, от жанады. Жігіт өздерін қоршай, жерге бензин төгіп тастаған екен.
"Оларға қатысты ӘҚБТК 434 бабымен (Ұсақ бұзақылық) хаттама толтырылды. Сондай-ақ жастарды жинап, түсіндірме жұмысын жүргіздік", — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.