Сурет: unsplash
ERNUR.KZ. Атырауда құтқарушылар балық аулау кезінде моторлы қайықтан құлап, суға батып кеткен 17 жастағы жігіттің денесін іздестіруде, деп жазады Zakon.kz.
Atyrau Online басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға 3 мамырда кешкісін Атырау қаласының Еркінқала ауылында болған.
Балық аулау кезінде 17 жастағы жігіт моторлы қайықтан құлап кетіп, өзенге батқан. Атырау облысы ТЖД іздестіру-құтқару операциясына 19 құтқарушы, 5 бірлік техника және 6 жүзу құралы тартылғанын хабарлады. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері де жұмылдырылған.
"Суға батқан 2007 жылғы жасөспірім дзюдомен айналысады, жарыстарда үздік нәтижелер көрсетіп, өңірдің спорт саласы үкіліп отырған жастың бірі екені белгілі", - деп жазады басылым.