Атырау облысында жыл басынан бері ресейлік 400 бизнесмен өз кәсібін тіркеп үлгерген

0
517

Соңғы уақытта Атырау облысында ресейлік компаниялардың саны артқан.


Атырау облысында жыл басынан бері ресейлік 400 бизнесмен өз кәсібін тіркеп үлгерген

ERNUR.KZ. Соңғы жарты жылдықта Атырау мен Астрахань облыстарының арасындағы тауар айналымының көлемі 183 млн АҚШ долларын құрады, деп жазады ulysmedia.kz.

Облыстық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы сыртқы экономикалық қатынастар бөлімінің басшысы Ерлан Қазбековтің айтуынша, тауардың басым бөлігі Ресейдің Астрахань облысының еншісінде.

Соңғы уақытта Атырау облысында ресейлік компаниялардың саны артқан. Жыл басынан бері аймаққа 126 бизнес иесі келген. Ол тізімде түбегейлі қоныс аударғандар да бар. Кәсіпкерлер көбіне көлік саласы, IT-технологиялары, көтерме сауда және мұнай саласын дамытуға үлес қосып жатыр. Сарапшылар бұл көрсеткіш жыл соңына дейін әлдеқайда артады деп отыр.

Ал жалпы бүгінге дейін өңірде ресейлік 400-ден астам азамат өз бизнесін тіркеген. Денсаулық сақтау, білім және ғылым, өндіріс пен кәсіпкерлік, туризм мен мәдениет салаларын дамыту бағытында тәжірибе алмасу жолға қойылмақ.