Атырау полициясы желідегі жантүршігерлік жол апатының видеосына қатысты түсінік берді

0
1 623

11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтіп, жол апатына ұшырады.


Атырау полициясы желідегі жантүршігерлік жол апатының видеосына қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жол апатына түсіп, "мыжылып" қалған "ВАЗ 2114" көлігінің видеосы көптің қызу талқысына түсіп жатыр, деп жазады zakon.kz.

Видео сипаттамасында жол апатының Атырау облысының Қызылбалық ауылында болғаны нақтыланған.

"11-сынып оқушылары мектеп бітіру кешін атап өтіп, жол апатына ұшырады, көптеген адам зардап шекті", - делінген жазбада.

Атырау қалалық полиция басқармасы 1 маусымда сағат 12:20 шамасында Қызыл-Балық ауылы маңында Атырау – Дамба тас жолы бойында Honda Odyssey (жүргізушісі - 2006 жылғы) мен "ВАЗ 2114" (жүргізушісі - 1998 жылғы) көліктері соқтығысқанын хабарлады.

"Түрлі жарақат алған бір жолаушы мен көлік жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тиісті құжаттар жиналады", деп мәлімдеді Атырау қаласы ПБ баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, "әлеуметтік желіде кәмелетке толмағандар көлік рөліне отырып, жол апаты салдарынан мектеп түлектері зардап шекті деген ақпарат шындыққа жанаспайды".

"Мектеп түлектері қалада көлікпен жүріп, терезеден бастарын шығарғаны туралы ақпарат болды, оған қатысты тиісті шаралар уақтылы қабылданды", - деп сендіреді қалалық полиция департаменті.