Қыз белгіленбеген жерде жолдан өткен.
ERNUR.KZ. Атырауда 26 жастағы қызды қағып кетті, деп жазады АқЖайық.
23 мамыр күні сағат 20:20 шамасында Привокзальный ықшамауданында №57-бағыттағы автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қызды қағып кетті.
- Ол белгіленбеген жерден жолдан өтіп бара жатқан. Оқиға орнында көз жұмды. Тексеру жүріп жатыр, - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жүргізуші ауысымы аяқталып, көлік паркіне бара жатқан екен.