Оның екеуі вирусты инфекцияны шет елдерден, яғни Түркия мен Тәжікстаннан жұқтырып келген.
ERNUR.KZ. Өткен айдан бастап, бұл дертпен 16 жағдай тіркеліпті. Көпшілігі 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қазір 10 науқастан сынама алынып, анық-қанығы тексеріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.
Науқастармен байланыста болғандар анықталып, дәрігерлер бақылауында. Өңірде қызылшаға қарсы 22 мың доза вакцина бар. Дәрігерлер тұрғындарды жұқпалы аурудан қорғануға үндеп жатыр.