Атырауда алаяқтар жалға алған көліктерді сатып жіберген

0
477

Атырауда жалға берген көліктерін жоғалтқан жұрт жаппай полицияға шағымданып жатыр.


Атырауда алаяқтар жалға алған көліктерді сатып жіберген

фото кадрдан

Алаяқтар тұрғындардан жалға алған көліктерді саудаға шығарғаны әшкере болды. Тіпті бірнешеуі сатылып та үлгеріпті, деп хабарлайды ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Полиция аталған жағдай бойынша тергеу басталғанын айтады.

"Қазіргі таңда автокөліктен ешқандай жауап жоқ. Ізделіп жатқан жұмыстарын көріп тұрған жоқпыз. Қазіргі уақытта біздің талабымыз машинамызды тезірек тауып берсе, біздің ойымыз ол автокөліктер басқа нөмірмен шетелге шығып кете ма деген ойдамыз. Біздер кімнен талап етеміз ертең машина кеткен уақытта?", - дейді Атырау қаласының тұрғыны Алмас Сәкенов.

Полицияға жиналған 15 тұрғын қымбат көліктерін бір кәсіпкерге жалға берген. Заң жүзінде келісім шарт жасалған. Сөйтсе ол кәсіпкер көліктерді үшінші тұлғаға жалға берген болып шықты.

Кім жалдаса да ақшасы уақытлы төленсе болды деп жүрген жұртты жайсыз хабар шошытыпты. Олардың бірі жақында өз көлігінің сатылып жатқанын естиді. Сөзге сенбей сатушылармен кездесуге өзі барған. Олар құжатсыз көлікті ірі мекемелердің балансынан шығарылған дүние деп түсіндіріпті. Бағасы да екі есе арзан. Керек десе мемлекеттік нөмір мен құжат жасап беретіндерін айтыпты. Алаяқтардың әрекеті дереу полицияға хабарланған. Тәртіп сақшылары күдіктілерден 13 көлікті тәркілегендерін айтады. Қалған екеуі ұшты күйлі жоқ.

"Қазіргі таңда бізде 13 қылмыстық іс тергеліп жатыр алаяқтық бабы бойынша, 13 машина алынып жәбірленушіге таратылған болатын. Сонымен қатар 2 машина анықталмай жатыр. Оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары көрсетеді бәрін", - дейді Дастан Ғабдуллин Атырау қаласы ПБ тергеу бөлімі бастағының орынбасары.