Осы ақпарат арқылы балықтардың өзендер мен теңіздегі қозғалысын анықтауға болады.
ERNUR.KZ. Атыраудағы бекіре балықтарын өсіретін екі зауытта барлық бекіре тұқымдас балықтарға молекулалық-генетикалық құжат беріле бастады, деп жазады «Хабар 24».
Ол үшін балықтардан биологиялық материал алынып, денесіне микрочип енгізіледі. Ол мағлұматтар ортақ базада сақталады. Осы ақпарат арқылы балықтардың өзендер мен теңіздегі қозғалысын анықтауға болады. Сондай-ақ тұқымдық балықтардың қай зауытта өсірілгендігі туралы толық ақпарат базаға жинақталады. «Бұл шара бекіре балықтарының тұқымдық сапасының сақталуына игі ықпал етеді», – дейді мамандар.
- Генетикалық төлқұжат жасау арқылы біз аталық және аналық балықтардың денсаулығы бойынша толық мағлұмат ала аламыз. Сонымен қатар аталық-аналық балықтардың бір-бірімен ұрықтандырған уақытта, олардың қандарында туысқандықтары неғұрлым алыс болса, соғұрлым сапалы ұрпақ пайда болады, - дейді бекіре зауытының технологы Жұпар Өтеулиева.