Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырған

0
497

Әйел 2015 жылдың қыркүйегінде сотталған.


Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырған

ERNUR.KZ. Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды, деп жазады Azh.kz.

Басылымның мәліметінше, 2015 жылдың қыркүйегінде сот 32 жастағы әйелді ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") және 132-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту") бойынша кінәлі деп танып, оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кескен еді.

"Алайда сот сотталушының екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, оның жаза өтеу мерзімін 5 жылға шегерді", - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере Дәулетбаева.

2020 жылдың қазан айында бұл мерзім аяқталғаннан кейін жеңгетай УГ-157/9 мекемесіне (әйелдер колониясы) жіберілді. Балаларын туысы қамқорлыққа алды дейді ведомстводағылар.