Атырауда екі бірдей қыз терезеден құлап, біреуі көз жұмды

0
2 675

Бұл биыл Атырауда орын алып отырған осындай екінші жағдай.


Атырауда екі бірдей қыз терезеден құлап, біреуі көз жұмды

ERNUR.KZ. Өткен аптада Атырауда Лесхоз ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің терезесінен кішкентай екі қыз құлап кетті. Олардың біреуі аман қалып, екіншісі сәл кейінірек алынған зақым салдарынан ауруханада қайтыс болды, деп жазады Ақжайық.kz.

Бұл оқиғалар неліктен екені белгісіз, Полиция департаментінде де, ТЖД-де де тіркелмеген. Ақпаратты тек денсаулық сақтау басқармасынан ғана алудың сәті түсті:

- Баланың екеуі де бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер бар күштерін салып, күрескеніне қарамастан 5 жасар қызды құтқару мүмкін болмады. Ал 4 жасар қыздың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

Бұл биыл Атырауда орын алып отырған осындай екінші жағдай:

27 қаңтарда әжесінің жұмыстан келе жатқанын көрген кішкентай ұл бала терезеден құлап кеткен еді. Ол облыстық балалар ауруханасына жатқызылып, сол жерден емделіп шықты.

ҚР ІІМ ТЖ Комитетіндегілер кеңес береді:

- Москит торларға сенбеңіздер, олар қауіпсіздік елесін ғана жасайды. Егер балаға терезеден бір нәрсе көрсетер болсаңыз, оны мықтап бекітіңіз, балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіздер. Бала терезе алдына шығып алмас үшін кереуетті, бүкіл жиһазды терезе алдынан ығыстырыңыз.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.