Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.
ERNUR.KZ. «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушыдан алынған тест оң нәтиже көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.
Бүгін, 29 наурызда Атырау облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы оқиғасы расталды.
Атырауда індетке шалдыққан науқас 17 наурызда Алматыдан ұшып келген 20 жастағы студент болып шықты.
Жас ер адам оқшауланып, аурухананың инфекциялық бөліміне жеткізілді.
Бұған дейін Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың бес оқиғасы туралы хабарланған. Ауруға шалдыққан адамдардың барлығы қазіргі кезде ем алып жатыр.